Жаңалықтар
Келешек мектептері» NIS заманауи зертханаларының тәжірибелерімен танысты
09 қаңтар 2026 12:15
Алматы-Наурызбай НЗМ базасында еліміздің 20 өңірінде өтіп жатқан «Келешек» мектептерінің педагогтеріне арналған «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» оқыту семинарлары аясында Алматы қаласындағы "Келешек" мектептері мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсы мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Физика, химия, биология, информатика пәндері, STEAM және робототехника кабинеттерінің педагогтері NIS зертханаларының бағыты мен жұмысымен танысты.
Іс-шара тиімді тәжірибелермен алмасуға, қатысушылар үшін заманауи білім беру тәсілдері мен құралдарын талқылау алаңына айналды.
Педагогтер ұсынылған әдістемелердің практикалық маңыздылығын атап өтті.
– Үш күн бойы тәжірибелік практикумнан өттік. Химия сабақтары бойынша тәжірибелер жүргізу жағдайлары, қолданылатын құжаттар тізімі, зертханалардың әр сыныпта өткізу тәртібі, калориметр, спектроультракүлгін сәулелері тақырыптарына жүргізілетін тәжірибелермен жұмыс жасадық. Өте құнды ақпарат алдық. НЗМ, тірек мектеп мұғалімдеріне алғыс білдіреміз,– деп бөлісті Кәмшат Базарбайқызы, Алматы қаласындағы №214 ЖББМ химия пәні мұғалімі.