logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық аккредитация расталды: NIS Алматы-Медеу CIS бағалауынан сәтті өтті

26 наурыз 2026 09:44

2025 жылғы 15-20 ақпан аралығында Council of International Schools (CIS) халықаралық ұйымының сарапшылары NIS Алматы-Медеу мектебіне аккредитациялық сапармен келді.

Сапар барысында сарапшылар білім беру үдерісін жан-жақты талдап, оқу сапасын, педагогтердің кәсіби деңгейін, сондай-ақ мектептегі қолайлы және қауіпсіз ортаны бағалады. Аккредитация қорытындысы бойынша мектеп қызметіне жоғары баға берілді. Атап айтқанда, білім алушылардың оқу мотивациясының жоғары деңгейі мен жауапкершілігі, өзара құрметке, сенім мен қолдауға негізделген орта, well-being жүйесінің тиімді жүзеге асырылуы, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен ынтымақтастық мәдениеті ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, бағалау жүйесінің ашықтығы және білім беру мазмұнының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, оқушылардың жаһандық құзыреттерін дамытуға бағытталғаны жоғары бағаланды.

Айта кету керек, CIS – халықаралық білім беру кеңістігінде мектептерді аккредитациялау және озық тәжірибелерді енгізумен айналысатын беделді ұйым.