Жаңалықтар
М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенттері NIS -теболды
15 мамыр 2026 12:04
М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 130 студенті Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды.
Болашақ педагогтерге NIS жүйесінде жұмыс істеудің ерекшеліктері, еңбек жағдайы және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кейін меймандарға мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер білім беру ортасымен, инфрақұрылымымен және оқу орнының ресурстарымен танысты.
Бұл кездесу студенттерге заманауи мектеп туралы нақты түсінік алып, Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде жұмыс істеп жүрген әріптестерінің тәжірибесінен шабыт алуға мүмкіндік берді.