Жаңалықтар
Steppe School оқушылары FIDE турнирінде жоғары нәтиже көрсетті
05 мамыр 2026 15:48
«Мир шахмат» FIDE Академиясында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 3 және 4-разрядтарға арналған біліктілік турнирі өтті. Турнирге Steppe School-дан 6 оқушы қатысып, олардың үшеуі 4-разряд нормативін орындады.
Нәтижесінде:
* Калатыгин Руслан - 10 ұпайдың 7 ұпайын жинап, 54 қатысушының ішінде 4-орын иеленді.
* Әділмырза Әдияр - 6 ұпай
* Рахматуллаев Дінмұхамед - 6 ұпай
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!