logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Зерделі ұрпақ» олимпиадасында - І орын!

28 сәуір 2026 16:45

International Steppe School оқушылары аудандық кезеңде топ жарды

International Steppe School-дың 3-сынып оқушылары «Зерделі ұрпақ» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Аталған білім бәйгесіне жалпы 10 оқушы қатысып, өздерінің математикалық сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде оқушылар үздік нәтиже көрсетіп, мектеп намысын абыроймен қорғады.

Бұл жетістік - оқушылардың табанды еңбегі мен ұстаздарының сапалы білім беруінің нәтижесі.

Оқушыларымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.