CIS халықаралық аккредитациясы

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2018 жылдың  қарашасында Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредитациясын өтті. CIS қоғамдастығына кіру арқылы мектеп өмірі мен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады.

 

2018 жылдың қыркүйек пен қазан айлары аралығында CIS тәуелсіз сарапшылары мектеп қызметіне жеті бағыт бойынша ауқымды сараптама жүргізді: «Мектептің миссия, ұстаным және құндылықтары», «Оқыту мен оқу», «Басқару және көшбасшылық», «Қызметкерлер», «Оқудың қолжетімділігі», «Мектеп мәдениеті», «Ресурстармен қамтамасыз ету».

– Мен кез-келген уақытта адамға көмектесуге дайын, ашық және ақжарқын оқушыларға қызыға қарадым. Біз оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейіне және сыныптардың жабдықталуына жоғары баға бердік, – деп атап өтті Тараз мектебінде болған комиссия төрағасы Патрисия Мертин.

Халықаралық мектептер кеңесінің командалық сапары оқу ордасының 5-жылдық мерейтойын тойлаумен тұспа-тұс келді. Шетелдік қонақтар «Бес жылдың белесінде» атты гала-концертті тамашалап, дарынды оқушылардың өнеріне жоғары баға берді.

Халықаралық мектептер кеңесі – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар ұйым аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку