«Жас қыран» шаңырағы

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Досмаилова Мақпал Қалдыбекқызы

«Жас қыран» шаңырағында 8F және 11D cынып оқушыларынан құралған 40 оқушы бар. Екі сыныпта да 20 оқушыдан оқиды. Бұл сыныптар екінші жыл Шаңырақ ретінде көптеген жұмыстар атқарып келеді. Тек 11-сынып оқушыларының құрамына өзгеріс енген. 2015-2016 оқу жылында жоғары сыныпта 23 оқушы болса, 2016-2017 оқу жылында олар таңдау пәндеріне байланысты құрамы өзгеріп, қазіргі таңда 20 оқушы оқиды. Соған қарамастан Шаңырақ оқушылары бір-бірімен тез тіл табысып, қажет кезде бір-бірлеріне көмек қолдарын созып, бірлесіп көптеген жұмыстар атқаруда. Мектепішілік және сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатысып, бір-бірлеріне қолдау көрсетіп отырады.

Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға саябаққа барады. Кейде куратормен бірге бүкіл сынып Шаңырақ болып қыдырады, Шаңырақ болып ұйымдасып экскурсияға шығады.
Шаңырақ оқушылары сабақ жағынан да өте белсенді, Облыстық, Республикалық олимпиадаларға, байқауларға қатысып жүлделі орындарды иемденгендері де бар.