Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты

Полная информация

Категория:
Новости
Дата публикации:
09.11.2020
999
700
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың  жеңімпаздары анықталады. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
– Әрине, біз қашықтан ұйымдастырылған ойын алдында қобалжыдық, – дейді Павлодардағы NIS оқушысы Санжар Бозтай, – бірақ жаттықтырушыларымыздың арқасында дайындығымыз жоғары деңгейде болды.
Семей қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Айым Әкімбергенова бұл ойынмен екінші сыныптан бастап шұғылданып келеді:
– Мен тоғызқұмалақ дәстүрі әрдайым әйгілі болған Абай ауданында дүниеге келдім, сол жақта тоғызқұмалақ үйірмесіне қатыстым. Спартакиада секілді осындай ауқымды әрі әйгілі жарысқа алғаш рет қатысуым.
Петропавлдағы Зияткерлік мектеп оқушысы Жанбатыр Серіктің алғашқы жаттықтырушысы —  әкесі, оның тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы отбасында басталған, алдымен ата-анасымен ойнаған, ал бүгінде спарткиадада мектеп намысын қорғауда.
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Арсен Асылбекке тоғызқұмалақтың қыр-сырын анасы үйреткен, атасы да бұл ойынды жақсы ойнаған. Бүгін спорттық әулеттің ізін Арсен жалғап келеді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Төлепберген Диас алғаш рет өз ағасымен сынға түскен.
Спарткиаданың көп ойыншылары Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тоғызқұмалақ ойынына елордадағы физика-математика бағытындағы мектептің оқушысы Амира Хианова мен Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің оқушысы Нұрай Махамбет секілді келген.
Көптеген ойыншылар өздерінің өңірлік және  республикалық жарыстағы жеңістерін мақтан тұтады. Оралдық команданың намысын қорғауға республикалық чемпионат жеңімпазы Бекарыс Жотабаев, қалалық жарыстардың жүлдегері Санида Нурсалим, NIS  желілік спартакиадасының жарқын жұлдыздары Нұрбақыт Жоламан мен Абылай Маметан өз үлестерін қосуда.
Қарағандыдағы жетінші сынып оқушысы Марғұлан Санат тоғыз жасында облыс чемпионы атанған. Ал елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Гүлназ Хасанова болса жүлделі орындардың коллекциясын жинап үлгерген.
Әрбір қатысушы ойынмен байланысты өз оқиғасын айтып берді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Жания Мұхтарханова бір кездері елордаға Павлодар қаласынан тоғықұмалақ жарысына келген екен.
Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушысы Вадим Семенов бала кезінен үстел ойындарымен шұғылданған, әсіресе логикалық және дуэльді түрлеріне қызығушылығы жоғары болған.
– Мен осылай тоғызқұмалақ ойынына келдім. Ойын дұрыс есептеп, көп комбинациялардың ішінен оң нұсқаны таңдауға негізделген, мұнымен қоса мен сандарды жақсы көремін.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Төлеев Нұрхан өмірдегі жарқын сәттерінің бірі деп ойындағы ең тез жеңісі – жиырма минут ішіндегі жеңісін біледі.
– Біздің әрқайсымыз үшін тоғызқұмалақ ойын ғана емес, халқымыздың тарихы болып табылады. Біз ата-бабамыздан мирас болып қалған дәстүрлерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз, – дейді Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Саялым Дюсекеева.
– Тоғызқұмалақ – адамды дамытып, танымын кеңейтетін зияткерлік ойын, – деп Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ержан Аман ой бөлісті.
Бүгін Ержан мен оның қарсылас достары PlayOk платформасында желілік спартакиаданың жеті кезеңінен өтті. Олар чемпиондар мен жеке және командалық есептегі жүлдгерлердің есімдері аталар сәтті тағатсыздана күтуде.
🌱 ОБЪЯВЛЕНЫ ПРИЗЕРЫ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА «ЗЕРДЕ».

Ученики НИШ города Тараз заняли призовые места на XIX республиканском конкурсе научно-исследовательских и творческих работ «Зерде». Наши интеллектуалы соревновались в научно-математической области на олимпиаде среди учащихся 2-7 классов. В результате Акылбекулы Даниал из инженерной секции информатики и робототехники Стэм занял 1 место, а Тындибеков Альмухаммед – также 1 место по этому же направлению. Руководители: Жусамбаев […]

Ученики НИШ стали победителями республиканского конкурса научных проектов «Юный Аль-Фараби»

Недавно в рамках программы «Рухани жаңғыру» ученики НИШ ФМН в г. Тараз были награждены призами и благодарственными письмами на 10-й республиканской конференции научных работ школьников «ЖАС АЛЬ-ФАРАБИ», посвященной 90-летию КазНУ им. Аль-Фараби.  По итогам конференции Тажихан Канат и Калдыбай Барысхан заняли 1 место. На конкурс был представлен проект «Smart trash bin».  Лидеры, которые всегда готовят […]

Ученик НИШ ФМН в г. Тараз вернулся победителем с проекта «IT Hub Battle»🔥

В конкурсе, организованном ученическим самоуправлением международного бакалавриата Назарбаев Интеллектуальной школы г. Астана, Тажихан Мади, ученик нашей школы, занял призовое – 2 место🔥 Двухэтапный конкурс проводился по теме «Автоматизация ежедневных задач». Основная цель мероприятия – стимулировать интерес и развитие в области автоматизации, способствовать росту проектной и IT-инициативы в стране, а также углубить понимание участниками важности технологических […]

🌱 Ученики NIS Тараз стали победителей республиканской олимпиады по географии и информатике.

Завершилась республиканская предметная олимпиада по географии и информатики. Ученики Интеллектуальных школ снова показали высшую подготовку и результативность, завоевав 7 золотых, 10 серебряных и 5 бронзовых медалей. В том числе Асылхан Смет – серебряная медаль по географии;  Абдиманап Ермахан – Названы бронзовые медалисты по информатике. Стоит отметить, что в республиканской олимпиаде по географии и информатике приняли […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку