
Жаңалықтар
Ашық есік күні ұйымдастырылды
04 ақпан 2025 13:43
Атыраудағы NIS мектебінде кезекті ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл жолы да 250-ден астам жас өрен білім ордасының есігін ашып, мектептің ішкі өмірімен танысты.
Оқушылар үшін «әткеншек» форматы бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылып, оларға мектептің күнделікті өмірі, конкурстық іріктеу шарттары және «Beyim Synaq» бағдарламасы жайлы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, физика, химия және биология пәндерінен таңғажайып тәжірибелер көрсетіліп, ғылым әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік жасалды.
Бұдан бөлек, NIS Engineering зертханасының мүмкіндіктерімен танысып, түрлі үйірмелер мен қосымша білім беру бағдарламаларының жұмысын көрген балалар ерекше әсер алды.