banner

Жаңалықтар

Пушкин оқулары өтті

27 қаңтар 2025 14:16

Атыраудағы NIS-те А.С. Пушкиннің шығармашылығына арналған апталық өтті.

Апталық аясында аталған ақынның шығармаларынан қойылымдар байқауы 8-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты – А.С. Пушкиннің шығармашылық және әдеби мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақты рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, XIX ғасырдағы орыс классикалық мәдениетімен таныстыру.

Байқауға 10 команда қатысты. Барлық оқушылардың қойылымдары материалды ұсыну стилімен және өзіндік шығармашылық тәсілдерімен ерекшеленді. Қатысушылардың өнерін актерлік шеберлік, вокал және хореография бойынша аранйы маман ұстаздар бағалады.

Нәтижесінде, «Капитан қызы» қойылымымен гран-приді 8I сыныбы жеңіп алды. Бірінші орынды «Капитан қызы» қойылымымен 9D сыныбы, екінші орынды «Руслан мен Людмила» қойылымымен 9В сыныбы, ал үшінші орынды «Евгений Онегин» қойылымымен 9Е сыныбы иеленді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, өзге де қатысушы командалар номинациялар бойынша дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.