
Жаңалықтар
Атыраудағы NIS командасы – «Batys FIRST Championship» жүлдегері

24 қаңтар 2025 10:24
Ақтауда өткен аталған робототехника конкурсына біздің мектебімізден де жас робототехниктерден құралған команда қатысқан болатын. Олар 40 командаға бөлінген 500 қатысушы ішінен оза шауып, жүлделі 2-орынды қанжығаға бөгіп, Орталық Азия чемпионатына жолдаманы ұтып алды!
Жүлдегер команда құрамында Хадиша Шабай, Нұралы Жақсылық, Самира Әміржан, Альтаир Кушалиев, Ахмеди Зинолла, Шерхан Аблай, Жанұя Жарас сынды талантты оқушылар бар.
Жүлдегер оқушылар мен олардың жетекшісі Асқар Маратұлын кезекті жеңіспен құттықтаймыз!