
Жаңалықтар
«Жаһандану, жаһандық азаматтық және тұрақты даму мақсаттары»

22 қаңтар 2025 14:35
Атыраудағы NIS-те 8В сыныбында аталған тақырыппен кураторлық сағат өткізілді.
Оқушылардың бойында жаһандық азаматтық ұғымын қалыптастыруды мақсат еткен шарада БҰҰ қабылдаған «Тұрақты дамудың» 17 мақсаты талқыланды. Қатысушылар негізгі мақсаттар бойынша ақпараттар жинақтап, оны талқыға салды және осы тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы арқылы олар әлемдік түйткілдермен танысып, оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсынды.