banner

Жаңалықтар

Ашық есік күні өтті

21 қаңтар 2025 11:12

Атыраудағы NIS-те қаладағы орта мектептердің 6-сынып оқушылары үшін ерекше ашық есік күні ұйымдастырылды.

Зияткерлік мектепке шәкірт болуды армандаған 350-ден астам оқушы бір мезетте оқу ордасының табалдырығын алғаш аттап, ішкі өмірімен танысуға мүмкіндік алды.

Олар үшін «әткеншек» форматындағы арнайы экскурсия ұйымдастырылып, мектептің күнделікті тыныс-тіршілігі, конкурстық іріктеу шарттары және «Beyim Synaq» бағдарламасы туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.Сонымен қатар, физика, химия, биология пәндері бойынша таңғажайып тәжірибелер көрсетілді.

NIS Engineering зертханасының бірегей мүмкіндіктерімен жақын танысқан балалар түрлі қызықты үйірмелер мен қосымша білім беру бағдарламаларының жұмысын көзбен көріп, үлкен әсер алды.

– Бүгінгі күн арманымызға бір қадам жақындатқандай әсерде тұрмыз. Енді осы мектепке оқушы ретінде келуді қалаймыз. Бізге барлығы да ерекше ұнады, – дейді болашақ зияткер оқушылар.