banner

Жаңалықтар

Атыраудағы NIS-ке 7-сыныпқа оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда

21 қаңтар 2025 11:11

Құрметті Атырау облысының жалпы білім беретін мектептерінің 6-сынып оқушылары және ата-аналар! Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа 2025-2026 оқу жылына конкурстық іріктеу негізінде үміткерлерді 7-сыныпқа қабылдау үшін облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларынан 2025 жылдың 8 қаңтарынан бастап 11 ақпанына дейін құжаттарды қабылдайды.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00, сенбі күні 09:00-13:00. Түскілік үзіліс сағ.13:00-14:00 аралығы. Жексенбі демалыс!

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (арызды қабылдау комиссиясында толтырады); - Ата-ана мен оқушы туралы деректер сауалнамасы (қабылдау комиссиясында толтырылады);

- Үміткердің туу туралы куәлігі, үміткердің ЖСН-і, үміткердің жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі (каспий қосымшасынан алынған құжаттың көшірмесі жарамайды);

- Үміткердің 6-сыныптың бірінші жартыжылдықтағы табелінің көшірмесі. Табель тиісті білім беру ұйымы басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі қажет. Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7-сыныбында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныбында қайта білім алуға құқықтары жоқ;

- Оқу бағдарламасы мен бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттары оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі;

- Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес, көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті үміткердің қатысуымен құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады; - Барлық құжаттар 10 беттік пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы. Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды.

Кешенді тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады. Конкурстың нәтижесі бойынша соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, Елорда даңғылы 22, Назарбаев Зияткерлік мектебі (102 кабинет) Анықтама телефоны: 8 (7122)558-555 Барша үміткерлерге сәттілік!