banner

Жаңалықтар

Ұлдар кеңесі: Кәсіби бағдар – болашақ кепілі

20 қаңтар 2025 12:35

20 қаңтар күні «Ұлдар кеңесі» жобасы аясында 7-сыныптар (7I, 7K, 7G, 7H) және 10-сыныптар (10F, 10G, 10I) арасында «Кәсіби бағдар – болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге республикалық пәндік олимпиадалар мен түрлі жобаларда, байқауларда жеңіске жеткен жоғары сынып оқушылары қатысты. Виктор Гюгоның: «Дұрыс кәсіп таңдау – шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға, көңілсіздіктен арылуға, өзіңді және отбасыңды жоқшылық пен ертеңгі күнге деген сенімсіздіктен сақтауға мүмкіндік береді» деген сөзі бұл кездесудің маңыздылығын айқындады.

Жасөспірімдер өздерінің жетістіктері, мамандық таңдау мүмкіндіктері және мектептегі іс-шаралардың, топтық жобалардың, жастар қозғалыстарының мотивация берудегі рөлі туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, өз дағдыларын дамыту, тәртіпті сақтау, қажетсіз нәрселерден арылу және қиындықтарды жеңе отырып, үнемі алға ұмтылудың маңыздылығы айтылды.

Әр мамандық – құрметке лайық, ал сүйікті кәсібіңді табу – үлкен жетістік!