banner

Жаңалықтар

«Замандастар жырлары» жобасы аясында «Астанада күн салқын...» атты әдеби кеш өтті

27 қаңтар 2025 10:35

Назарбаев Зияткерлік мектептің 8 сыныптарына арналған «Замандастар жырлары» жобасы аясында жас ақын Сегізбаева Айдана Мұратханқызының  шығармашылығына арналған «Астанада күн салқын...» атты ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқау тәрбиелік іс-шарасы өтті.

Әдеби кешті зияткер оқушыларымыз домбырамен ашып, ары қарай ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бүгінгі іс-шараға ат салысқан музыка пәнінің мұғалімі, қосымша білім беру педагогы Айсулу Бауыржановна балалармен бірге ақынның өлеңдеріне жазылған патриоттық әндер шырқады. Ақынымыздың өлеңдері әр түрлі жастағы балаларға арналған болғандықтан балаларға өте көп таңдау бар.

Оқушылар кеш барысында жас ақынның шығармашылығымен таныса отырып, әдебиет әлемін музыка әлемімен ұштастырып бір табан жақындады. Балалар шығармашылық қабілеттерін ұштай отыра, өлең жазуға деген қызығушылықттары пайда болды.