
Жаңалықтар
🌍 INDOOR TOUR GOLD ASTANA: Халықаралық жеңіл атлетика турнирі

29 қаңтар 2025 15:22
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Астана қаласының жеңіл атлетикалық манежінде INDOOR TOUR GOLD ASTANA халықаралық турнирі өтті. Бұл жарыс қысқы маусымның маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.
Турнирге әлемдік деңгейдегі жеңіл атлетика жұлдыздары қатысты, олардың қатарында:
Андре Де Грассе (Канада, 60 м) – Олимпиада чемпионы
Маркиз Денди (АҚШ, ұзындыққа секіру) – жабық алаңдағы әлем чемпионы
Наташа Моррисон (Ямайка, 60 м) – Олимпиада чемпионы
Сада Уильямс (Барбадос, 400 м) – 400 метрге жүгіруден екі дүркін әлем чемпионы
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да жоғары нәтиже көрсетті. Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов биіктікке секіруде қола жүлдегер атанды.
Жас ұрпақты спортқа баулу және халықаралық деңгейдегі жарыстардың маңыздылығын көрсету мақсатында мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен оқушылар көрермен ретінде турнирге қатысты.