banner

Жаңалықтар

🌱Зияткерлік оқу ордамызға 16 жыл!

17 қаңтар 2025 14:11

Бүгін Елорда төріндегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебіміздің 16 жылдық белестерін қайта еске алатын күн. Тарихи күнде оқу ордамыздың зияткерлері таңғы позитивпен «Шабыт алаңында» концерт қойып, мектеп ұжымы мен ұстаздарына ерекше эмоциялар сыйлады.

Оқушылар аяулы мектептеріне деген ыстық лебізін, ұлағатты ұстаздарына деген құрметін мерекелік концертпен ғана емес, жүрекжарды тілектерімен де білдірді. Мектеп фойесіндегі безендірулер, паспорт тақтайшасы, әртүрлі плакаттар барлығы-барлығы айтулы күнге сән қосып, көрік берді.

Айрықша күннің әсерлі нүктесі мектеп ұжымына арналған мерекелік концертпен қорытындыланды. 2009 жылдан бергі тарих сахнасын қайта қозғаған бейнероликтен басталған концерт барысы көрермендерге алғашқы жылдардың ностальгиясын сыйлады. Мәдени жиында мектеп директоры Асель Бейсембинова сөз сөйлеп, 16 жылдық бағындырған белесте мектеп ұжымына алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Елеулі күнде зияткерлер мен ұстаздар бірге ән шырқап, әсерлі атмосферада айтулы күннің нүктесін қойды.