banner

Жаңалықтар

🌱 Зияткерлерлер республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңінде топ жарды!

14 қаңтар 2025 14:21

Мектеп қанжығасында 45 жүлде!

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 45 оқушысы республикалық жалпы білім беретін пәндерден олимпиаданың желілік кезеңінде жүлделі орындарға ие болды. Оның 14 алтын, 15 күміс, 16 қола жүлделер.

Барлық NIS мектептері желісінде 9-12 сынып оқушылары арасында өткен білім додасына 1000-нан астам оқушы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша бақ сынаған. Ал оқу ордамыздан 66 оқушы қатысып, 45 жүлде иеленуде жоғары нәтижелер көрсетті.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Оқушыларымызды үлкен жетістіктерімен құттықтай отырып, оларды дайындаған зияткерлік мектеп мұғалімдеріне алғыс айтамыз!