
Жаңалықтар
🌱xCELLENCE командасының жарқын жетістігі!

13 қаңтар 2025 13:14
2025 жылдың 8-9 қаңтарында Алматыда өткен Almaty FIRST Championship аймақтық робототехника сайысында мектебіміздің xCELLENCE командасы Think Award атағын иеленді!
Think Award – бұл инженерлік шеберлік пен стратегиялық ойлаудың жоғары деңгейін мойындайтын беделді марапат. Бұл жеңіс команда мүшелерінің робот құрастыру ғана емес, сонымен қатар әрбір қадам мен детальды мұқият құжаттандырып, инженерлік журнал жүргізу арқылы кәсіби деңгейде жұмыс істейтінін көрсетеді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 40 команда арасында xCELLENCE командасы ерекше көзге түсті. Олар робот жасау, ойындарға қатысу және тиімді топтық жұмыс сияқты кешенді тәсілімен өзгелерден ерекшеленді.