
Жаңалықтар
🌱Зияткерлерге шабыт сыйлаған Samgau форумы

13 қаңтар 2025 12:32
Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен түлектер арасындағы өзара байланыс пен тәжірибе алмасуға бағытталған жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Самғау форумы өтті. Бұл шара түлектер мен зияткерлердің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Кездесу барысында оқушылар түлектерден білім алу мен университеттерге түсу бойынша пайдалы кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап тапты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін форум түлектердің қолдауын тыңдап, болашақ жоспарларын нақтылауға септігін тигізді.
Басқосу барысында зияткерлер NIS түлектер қауымдастығының қызметімен танысып, олардың іске асырып жатқан жобалары мен бастамалары туралы тиімді ақпарат алды.