
Жаңалықтар
🌱Жас бүлдіршіндерге шаттық сыйлаған күн

26 желтоқсан 2024 12:32
Мектебімізде пәндердің әдістемелік бірлестік жетекшілері мен өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Мереке аясында Аяз ата рөлінде жас бүлдіршіндердің арманын орындаған бұл игі шара жүрекке жылу сыйлады.
Балалар Аяз атаға хат жазып, өз қалауларын жеткізген болатын. Бірі ойыншық, бірі домбыра, бірі би үйірмесіне қатысуды, ал кейбірі қысқы киім мен мектеп формасын сұрады. Бұл хаттарды оқыған мектеп белсенділері бүлдіршіндердің армандарын орындап, оларға бағалы сыйлықтар тарту етті.
Бұл шараның басты кейіпкерлері – «Промышленный» кентіндегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Олар жатақхананың шағын бөлмелерінде өмір сүріп, шектеулі қаражатқа өмір сүреді. 4 отбасынан 13 балаға мерекелік сыйлықтар табысталып, олардың жүздерінде шаттық пен қуаныш ұялады.