Бүгін – NIS жүйесінде көктемнің игі дәстүріне айналған Наурыз кездесулерінің 3-ші күні өтуде. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған шараның биылғы тақырыбы жер шарының жасыл болашағы мен экологиялық мәдениетке арналды.
Жылдың басты кездесуіне Жамбылдан жиырма өрен қатысуда. Олардың 10-ы Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушылары болса, 10-ы аймақтың жалпы білімі беретін мектептерінен. Солардың бірі Шу ауданы Е.Бекмаханов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нуриля Әлдібай:
– Вебинарлар тақырыбы өте өзекті. Оларды тыңдай отырып, түрлі идеялар ойыма келді. Мәселен, мектебімде пластик, қағаз, шыны секілді қалдық түрлерін сұрыптап, оларды екінші рет қолданысқа енгізу бойынша жобаны қолға алмақпын.
Алғашқы күні оқушылар Назарбаев университетінің профессоры Даниэль Тозидің «Пластикалық оптикалық-талшықты датчиктер: химия, медицина және одан тыс жаңа датчиктер үшін пластикалық материалдарды пайдалануы», Rocket PLastic негізін қалаушы, Open Mind Technologies IT компаниясының басшысы Данияр Бакимовтың «Пластикке екінші өмір сыйла» вебинарларын тыңдады.
Екінші күн «Greenup.kz» қоғамдық қорының негізін қалаушы, «Recycle Birge» жасыл жобасының авторы, экологиялық жауапкершілік мәселелері жөніндегі бизнес-кеңесші Алия Сальменованың вебинарынан бастау алып, Сәтпаев университетінің докторы (PhD) Азамат Ешмұхаметовтың «Мехатроника және роботтарды құрастыру» тақырыбымен жалғасты.
– Бүгінгі күннің тапсырмаларының бірі қоқысты тазартып, әрі оны сұрыпайтын робот бағдарламасын жазу болып табылады. Мұнда мехатроника және робот құрастыру бойынша тыңдаған вебинарлар теориялық жағынан зор пайдасын тигізуде, – деген ойымен бөлісті тараздық NIS оқушысы Саят Әбдіқұл.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.