МІТ студенттердің тағылымдамасы аяқталды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
31.01.2020
999
700

Бүгін 2020 жылдың 31 қаңтарында АҚШ Массачусетс технологиялық институтының студенттері Габриель Каммер мен Руджул Гандидің Тараздағы НЗМ-дегі үш апталық тағылымдамасы аяқталды.

Олардың қатысуымен мектепте бірнеше іс-шаралар өткізілді: пәндер бойынша элективті курстар, зерттеу жобалары бойынша кеңестер, ЖОО үшін уәждемелік хат жазу бойынша тренингтер, мұғалімдермен бірлескен сабақтар. Аталған шаралардың маңыздыларының бірі шаңырақтар арасында «The best STEAM idea» конкурсын өткізу болды.

Байқау оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында тұрақты даму саласында 12-ші мақсаты «Жауапты тұтыну және өндіріс» жүзеге асыру аясында  ұйымдастырылды.

Негізгі талап – мектеп STEAM зертханасы базасында мектептің пластикалық және қағаз қалдықтарын өңдеу арқылы жаңа өнімнің прототипін құру. Қазылар алқасының құрамында халықаралық және жергілікті мұғалімдер, сондай-ақ MIT студенттері Габриель Каммер және Руджул Ганди болды.

Шаңырақтар екінші шикізатты қайта өңдеу бойынша 18 идея таныстырды. Олардың арасында балаларға арналған ойыншықтар, субұрқақтар, жылыжайлар, гүлдерге арналған құмыралар, жиһаз, тротуарлық плиткалар мен тіпті зымырандар да болды.

Келесі кезеңде мектеп STEAM зертханасында жобаларды іске асыру жоспары тұр. Сондай-ақ, үздік идеялар Startup және ғылыми конкурстарға қатысады деп күтілуде.

Нәтижесінде, «Дарын» шаңырағының жобасы -1 орынмен, «Бәйтерек» – 2 орынмен және «Барыс» – 3 орынмен «The best STEAM idea» жеңімпаздары атанды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку