Бүгін жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған екікүндік тәжірибелік семинар өз мәресіне жетті. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері» деп аталған шараның екінші күні облыстың 640-қа тарта ұстазы тәжірибе шыңдады.
Облыс мектептерінің мұғалімдеріне қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуді көздейтін семинар Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Тәжірибелік семинар екі күн ішінде жалпы саны 1240-тан астам мұғалімді Microsoft Teams платформасында тоғыстырды.
Бүгінгі семинар барысында қазақ, орыс және ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Қашықтықтан оқыту кезінде саралау әдісін қолдану», «Қашықтықтан оқыту кезінде белсенді әдістеді қолдану», «Қашықтықтан оқыту кезінде АКТ құралдарын пайдалану», «Қашықтан оқыту жағдайында кері байланыс беруді ұйымдастыру» тақырыптарында өткен шеберлік сыныптарына қатысты.
– Көптеген пайдалы ақпарат алдық! Өте қызықты, бастысы сабақта қолдануға қолайды әдістер берілген. Вебинардың жазбасын алғым келіп отыр. Осы кездесуді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға үлкен рахмет, – деп жазды вебинар туралы өз ойын Тараз қаласының №13 орта мектебінің мұғалімі О.Г.Мележик.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.