ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР: ТАРАЗДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
29.05.2019
999
700

«Болашақтың кітапханасы», «Механикалық қол», «Сымсыз үстел» және көз денсаулығын сақтау әдістері мен мылқау адамдарға арналған қосымша және тағы да басқа қызықты жұмыстарды Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ғылыми жобалар фестивалі кезінде ұсынды.

Көрме барысында жұмыс авторлары мен олардың ғылыми жетекшілері өздерінің ғылыми ізденістерін, тәжірибелік үлгілерін, макеттері мен ғылыми жобаларын таныстырды. Жалпы саны 20-дан астам жұмыс ұсынылды.

Осы жылғы фестиваль көрермен ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын шақырумен ерекшеленді.  Олар өз құрдастарының ғылыми жаңалықтарын үлкен қызығушылықпен бақылап, идеяларға толы кеңестер алды. Сонымен қатар, шығармашылық және ғылыми шеберлік сағаттарына қатысты.

– Бүгін көптеген пайдалы және қызықты мәліметтер алдым. Мысалы, зерттеу жобаларымен айналысуды қалай бастау керек, қазылар алқасына жұмысты қалай дұрыс таныстыру керек деген сияқты. Сондай-ақ, менде жоба тақырыбы ретінде жаңа идеялар пайда болды, – деді Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Айғаным.

Фестивальде өте қызықты жоба ұсынғандардың бірі Comics project командасы болды. Жоба авторларының идеясына сай ағылшын тіліндегі комикстер жасау арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін көрсетіп, оқырманның ой-өрісіне әсер етуге тырысу болған. Олардың айтуынша, жағымды финалмен аяқталатын иллюстрациялар арқылы өмірде кездесетін қиындықтар мәңгілік емес және әрдайым тығырықтан шығатын жол бар екендігін нұсқауға болады екен.

– Бүгін оқушылардың оқу жылындағы ғылыми ізденістеріне қорытынды шолу жасалды. Фестивальде республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары ұсынылды. Бұл оқу жылын үлкен жетістіктермен аяқтап жатқан балалар, – деп атап өтті директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Әлия Макышева.

Нәтижесінде «Теориялық білімді тереңдеткені үшін», «Мәселелерді креативті шешкені үшін», «Қолданбалы математиканың инновациялық өнімі», «Әлеуметтік мәселелерді тиімді шешкені үшін» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку