Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 21 мұғалімі Макаода өткен WALS-2021 (Дүниежүзілік сабақ зерттеу қауымдастығы) «Revisiting Lesson and Learning Studies: Accessibility, Quality, and Sustainability» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция жұмысында өздерінің іс әрекеттегі және сабақты зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Конференция барысында Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қашықтан оқыту жағдайында жүзеге асқан мұғалімдердің кәсіби дамуына интенсивті әріптес-коучинг зерттеу жобасының тәжірибесі конференция қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар «7-сынып оқушыларының қашықтан оқыту кезінде ағылшын тілінде жазу дағдыларын жетілдіру: Lesson Study», Steam окыту, пәнаралық байланыстың оқушылардың зерттеу дағдысына әсері туралы, оқушылардың аналитикалық қабілеттерін дамытудағы зерттеулер және мұғалімнің рефлексия жасау дағдысын арттыруға әріптес -коучинг тәжірибесінің ықпалы, мұғалімдердің Lesson Study-ді оқыту тәжірибесін жақсарту тақырыптарындағы жұмыстарының нәтижелері талқыланды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.