Тараздық NIS оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары көпшілік алдында еркін сөйлеу мен ораторлық шеберлік бойынша дәріс алды.
Дәріс сағатын «Даналық бейсенбіде» Мәскеу риторика және ораторлық шеберлік университетінің сертификатталған тренері, «NAIZA» Ораторлық шеберлік және бизнес академиясының тренері Эльмира Найзабекова өткізді.
Эльмира Дүйсенбекқызы тыңдаушыларға көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі мен дағдысы болмаса, яғни, материал нашар дайындалса, оның дәлдігіне сенімі болмаса немесе спикер «қалқып жүрсе», сөйлеу мәтінін нашар білсе, сахнаға шықпауға кеңес берді. Оның пікірінше, алдымен «жылы» аудитория алдында сөйлеу керек, содан кейін біртіндеп градусты төмендету керек. Сондықтан ол көпшілік алдында сәтті баяндама ұсынудың 3 негізін атап өтті: 100% дайындық, сөйлеу тәжірибесінің болуы және дұрыс психологиялық ұстаным.
– Әдетте шешен болып туылады. Алайда, сіз қарапайым ережелерді ұстана білсеңіз, жүре келе де шешен бола аласыз. Шешендік өнердің құдіреті шексіз. Оны жақсы игерсеңіз, алдыңыздан көптеген мүмкіндіктер есігі ашылады, – деп қорытындылады сабағын жоба қонағы.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.