Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
14.04.2021
999
700

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты. Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен американдық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀

Оқыту «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн-мектебі базасында өтуде.⠀

– Кішкентай кезімнен бастап мені құрастыру идеясы қызықтырды, сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында робототехника үйірмесіне жазылдым. Біздің жобаларымыз халықаралық аренада, Дүниежүзілік WRO роботтар олимпиадасында ұсынылады деп тіпті елестете алмадым. Жеңістер аз болған жоқ, енді мен робототехниканы оқығысы келетіндердің барлығына көмектесу үшін жаңа мақсат қойып отырмын, – дейді Даниил.⠀

Даниил Филимонов – World Robot Olympiad 2019 халықаралық кезеңінде «Open Senior» санатында үшінші орын, сондай-ақ робототехника бойынша республикалық олимпиаданың алтын медальдарының (2018, 2019), ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыстың бірінші дәрежелі дипломының (2019), «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» Наурыз кездесулерінің екінші дәрежелі дипломының (2019) иегері. ⠀

Даниил өз тобымен бірге робототехника бойынша 10-нан астам тегін онлайн курстарын, 25 сағаттық сабақтарды, 6 вебинарды әзірледі, сондай-ақ, Корнелл және Мичиган университеттерінің жүздеген қосымша материалдарын дайындады.⠀

Оқыту кез-келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған: робототехника негіздерінен бастап нейрондық желілерге дейін, практикада құралдармен жұмыс істеу үшін, тіпті оқытушыларға арналған материалдарды да қамтиды. Сондай-ақ, платформада прогресті бақылауға арналған үй тапсырмалары мен тесттер бар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде де қолжетімді.⠀

Курс негізін қалаушы Антон Моргунов болып табылатын «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының қолдауымен құрылды. Антон – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2017 жылғы түлегі, химия пәнінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бүгінде MIT (Массачусетс технологиялық институты) Химия және биология факультетінің студенті.⠀

Beyond Curriculum – математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім беру платформасы.⠀

– Біздің команда «Beyond Robotics» тегін жобасының көмегімен робототехникаға қосылғысы келетіндердің барлығына мүмкіндік беруді көздейді. Қазіргі уақытта 100-ден астам оқушы білім алуда, сен де қосыл. Роботтар әлеміне қош келдіңіздер!, – деп «Beyond Curriculum» қоғамдық қоры «Робототехника» бөлімінің басшысы Даниил Филимонов қосылуға шақырды.⠀

«Beyond Robotics» бойынша оқуды бастау үшін онлайн-мектепте тіркелу жеткілікті https://school.bc-pf.org/ және сілтемеге өтіп, каталогтан Робототехника https://robotics.bc-pf.org/  курсын қосу қажет.⠀

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку