Мектеп директорларының екінші легі тағылымдамадан өтті

Облыстағы жетекші мектеп директорларының НЗМ-дегі апталық тағылымдамасы жалғасуда. Жақында аталған жобаға басшылардың екінші легі қатысты.

Зияткерлік мектептердің жұмысымен Байзақтағы Сарыкемер мектеп-гимназиясы, Меркілік №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясы, Тараздағы №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы мен №24 гимназиясы директорлары жақынырақ  танысты.  

Зияткерлік мектептің даму жоспарынан бастап, оқушының оқу жетістігін бағалау, кітапхана ісі, оқушыға кәсіби бағдар беру, психологиялық қолдау қызметі, мұғалімнің кәсіби даму бағыты, іс-әрекетті зерттеу, тәрбие жұмысы жобалары және басқа да салалар бойынша әдістемелік қолдау алды.

Әр күннің екінші жартысында сабақтарға қатысу арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Күн соңында Зияткерлік мектеп басшыларымен бірге естіген-көргендеріне талдау жасады.