Үздік халықаралық тәжірибені енгізе отырып

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
12.02.2019
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Берік отбасы» халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Жеті апта бойы мектеп педагог-психологтары, кураторлары мен тәрбиешілері бірлесіп 10 ата-ана мен олардың жасөспірім балаларынан тұратын топтармен жұмыс істейді.

Семинарды өткізу барысында ата-аналар жасөсіпірім жастағы балалардың мінез-құлық ерекшелігі қандай болатынын, ережелерді дұрыс орнату және жазаны орнымен қолдану, балалармен қарым-қатынас мәселелерін қалай шешу керектігін, қалай махаббат пен қолдау көрсету керектігін талқылайды.

– Жалпы сабақтар балаларға жасөспірімдер кезеңіне дайындалуға, отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынас құруға, ата-ананы сыйлауға, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасауға көмектесуі тиіс. Сондай-ақ, ата-аналар да өз мінез-құлқын қайта қарап, балаларының психологиялық жағдайын ескере отырып, көңіл-күйлері бұзылған кезде олардың мәселесін  тыңдау сияқты дағдыларды меңгереді деп күтілуде, – деді мектептің педагог-психологы Наталья Балакина.

«Берік отбасы» бағдарламасын Ұлыбританияның Оксфорд Брукс университеті жанындағы денсаулық және әлеуметтік әл-ауқат мектебі құрды. Бүгінгі таңда ол әлемнің 35-тен астам елінде енгізілген.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку