Тараз қаласындағы Зияткерлік мектепте білім алу қашықтан өту форматына көшкеніне қарамастан, мектеп өмірі қарқынды өтуде. Оқушыларда артық уақыт жоқ. Сабақтар, үйірмелер, қосымша сабақтар, жобалар, кездесулер – бәрі бұрынғыдай, кесте бойынша.
Осылайша, оқушылар «Даналық бейсенбі» жобасы аясында Уорик университетінің (Warwick University) түлегі, Ақпараттық жүйелер мен сандық инновацияларды басқару магистрі Бақытжан Қазанғаповпен кездесті.
Microsoft Teams платформасында өткен онлайн-режимдегі кездесуге 40-тан астам оқушы қатысты. Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Бақытжан Айтуғанұлы балаларға өз жетістік кілті туралы, оның ішінде Ұлыбританияның ең үздік ғылыми-зерттеу университеттерінің біріне қалай түскендігін айтып берді.
Екі жақты кездесудің негізіне Абай философиясы, атап айтқанда, ұлы ойшылдың 15-ші қара сөз алынды, онда ол ақымақ адам мен ақылды адамның қылықтарына айқын дәлелдер келтірген. Осылайша «Даналық бейсенбі» спикері оқушыларға табысқа жетудің кілті дұрыс қадамдар мен маңызды іс-әрекеттер жасауда екенін жеткізгісі келді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.