Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары – Аделя Серикханова, Милана Намазбаева және Ақнұр Шерқан «Art Bazar – «Ұлы Жібек Жолы» қолөнер шеберлерінің Халықаралық байқауында жүлдегер атанды.
Байқаудың бас жүлдесін Аделя Серикханованың «Ұлы Жібек жолы» атты шығармашылық жұмысы жеңіп алған. Милана Намазбаева ұсынған «Жартастығы таңбалар» жобасы II дәрежелі дипломмен марапатталса, Ақнұр Шерқанның «Елімнің дархан даласы» жұмысы байқаудың III дәрежелі дипломына ие болған.
Шебер қыздар өз туындыларын өнер пәнінің мұғалімі Гульнар Абаеваның жетекшілігімен өтетін «Шым ши тоқу технологиясы» сабағында жасаған. Гүлнар Мизанбекқызының айтуынша, қыздар ұлттық қолөнердің осы бір түріне ерекше қызығушылық танытқан және айналысып жүргендеріне бір жылдай уақыт болған.
Ерекше айта кететін жайт, Елбасының «Ұлы Жібек жолы» мақаласы аясында өткен Халықаралық байқауға мектеп оқушылары ғана емес, еліміздің барлық аймақтарындағы көркемсурет колледждері және жоғарғы оқу орындарының студенттері де қатысқан.
I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.