Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде TEDx конференциясы өтті, оның аясында оқушылар перфекционизм, ұйқы, К-pop, демалыс және кемсітушілік тақырыптарындағы ойларымен бөлісті.
Конференция спикерлері 8, 10 сынып оқушыларынан тұрды. Оларды мұғалімдер мен педагог-кураторлар жаттықтырды. Әрбір сөзге дейін пысықталып, дауыс ырғақтары дұрысталды, түсінуге қиын құрылымдар қысқартылды. TEDx модераторы педагог-куратор Қуат Жұмабаев болды.
Оныншы сынып оқушысы Бижан Қадырманов «Перфекционизм» тақырыбында сөйледі. Ол өзінің және өзгелердің кемшіліктерін қабылдай алмайтын перфекционизмнің неге алып келетіні жайлы айтты.
Әсіресе, «Ұйқы» туралы әңгімелеген Бағлан Жұбатхановтың баяндамасы әсерлі болды. Бағлан ұйқының кезеңдерін егжей-тегжейлі сипаттап, олардың сипаттамалары мен ұзақтығы және ұйықтау үшін қанша фаза қажет екені туралы айтып берді.
Назира Сабыралы TEDx тақырыбы ретінде «К-pop» таңдаған. Ол Қазақстандағы К-pop-мәдениетінің қабылданбау себептерін және әлемдік музыкалық аудиторияны қалай жаулап алғандығын түсіндіруге тырысты.
Демалыс және оның түрлері туралы 10 сынып оқушысы Қасымжомарт Пернебек айтып берді. Конференцияны Аяжан Серікбай кемсітушіліктің салдары мен оның барлық формаларын жоюдың маңыздылығы туралы баяндамасымен ақтады.
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.