Eріктілік аясында игі бастама қолға алынды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.09.2019
999
700

Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғыз басты қарияларды қолдап, құрметтеуге бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. Ашылу салтанатына 50-ге жуық жалғыз басты қарттар мен әлеуметтік орталық өкілдері шақырылды.

Мектеп оқушылары мен педагогтары қарияларға арнап қолөнер бойынша түрлі шеберлік сыныптарын өткізді. Соңынан қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалап, астан дәм татты.

– Тараз қаласында 20 000 астам зейнеткер болса, солардың 350-і жалғыз басты. Бүгін сол қариялардың біршамасы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді. Қариялар балалармен бірге шығармашылықпен айналысып, уақытты керемет өткізді. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының жас ұрпаққа берері көп. Елімізде осындай бастамалар көбейсе деген тілегіміз бар, – деді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі Жұлдыз Далиева.

Жоба мақсаты зейнеткерлік жастағы жалғыз басты қариялар мен мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас орнату арқылы ұрпақтар сабақтастығын дамыту. Апта сайынғы мәдени-танымдық, ойын-сауық және сауықтыру шаралары арқылы қариялардың эмоционалды жағдайын жақсарту, өмір белсенділігін арттыру, қарым-қатынас ортасын кеңейту көзделген. Олардың арасында бірлесіп кітап оқу, компьютерлік сауаттылықты арттыру,  қимыл-қозғалыс терапиясы, қолөнер сағаты, ән салу, музыкалық аспапта ойнау, ретро би кеші, арт-терапия, интеллектуалдық ойындар жәменне фитнес залда жаттығу жасату да бар.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің апта сайын қарияларға үй мен аула тазалау, дәрі-дәрмек пен азық-түлікке барып келу, отын жару сияқты шаруаларда көмек беруі де жоспарланып отыр. Өз кезегінде қариялар жақсы меңгерген дағдыларын оқушыларға үйретіп, мектепте кішігірім үйірме жұмысын жүргізуіне жағдай жасалады.

Жоба авторлары мұндай тығыз қарым-қатынас оқушылардың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді, атап айтсақ егде және қарт жастағы адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған шешімдер, құрылғылар ойлап табуына түрткі болады деген ойда.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку