Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жылдың үздік мұғалімі» дәстүрлі мектепішілік байқауы өтті. 2019 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған 9 мұғалім қатысып бақ сынады.
Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Оқушымен сұхбат» немесе «Ата-анамен сұхбат» тақырыбында 5 минуттық бейнетаспа түсіру, «Ғаламшарлар шеруі» атты ашық сабақтар өткізу, «Менің педагогикалық кредом» атты жеке көрмесін ұйымдастыру, «Мен-тұлғамын, мен-мұғаліммін» тақырыбында өздерін таныстыру, «Шешендік өнер» дәрежесін көрсету және «Педагогикалық жағдаяттар» берілген тапсырмаларды орындаудан жарысқа түскен.
Қазылардың шешіміне сай, 3 орынды өнер пәні мұғалімі Әлия Есбулганова, орыс тілі мұғалімі Лязат Сапралиева және тарих мұғалімі Камила Өтегенова өзара бөліссе, 2 орын физика мұғалімі Ерболат Қасқарбаев пен биология мұғалімі Багира Бекназароваға берілген. 1 орынды ағылшын тілі мұғалімі Нағима Сарсенбаева жеңіп алса, бас жүлде қазақ тілі пәні мұғалімі Эльмира Молдабекке бұйырды.
– Байқау барысында өз кәсіби біліктілігімізді барынша көрсете алдық деп ойлаймын. Әрине конкурстың әрбір кезеңі үлкен еңбекті қажет етті. Барымызды салдық. Алдағы жоспарым осы байқаудың желілік кезеңінде бақ сынау, – деді бас жүлде иегері Эльмира Жандарқызы.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал байқау жеңімпазы Эльмира Молдабек Нұр-Сұлтанда өтетін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері арасындағы «Жылдың үздік мұғалімі» байқауына жолдама алды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.