2020 жылдың 8 ақпаны күні Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жастар елдер мен қауымдастықтардың тұрақтылығын қолдайды» тақырыбында БҰҰ Моделінің конференциясы өтті. Конференцияға 40 делегат қатысып, БҰҰ Бас Ассамблеясы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі комитеттеріне бөлінді.
– Конференцияны өткізудің мақсаты – оқушыларға көшбасшылық, зерттеу, сондай-ақ дипломатиялық дағдыларын шыңдауға көмектесу, жаһандық мәселелерді шешуде олардың білімін тереңдету, коммуникативтік дағдыларын дамыту, – деп түсіндірді директордың орынбасары Әлия Жусанбаева.
Қатысушылар «Стратегиялық ядролық қаруды тарату проблемалары және ядролық қарусыздану процесі», «Ғарыш қызметін коммерцияландыру: ғарыш ресурстарын барлауды, пайдалануды реттеу» және «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру» мәселелерін талқылады.
Конференцияның ашылу салтанатында мектеп оқушылары шығармашылық өнерлерін көрсетті. Одан кейін делегаттар тұрақты дамудың 17 бағытын қамтитын халықаралық маңызды мәселелерді талқылауға кірісті. Сессиялар тек ағылшын тілінде өтті.
Алдымен қатысушылар баяндамаларымен шықты, содан кейін ұсынылған мәселелер бойынша реттелген және еркін талқылаулар жүргізді. Ел делегаттары арасындағы қарым-қатынас дипломатиялық этикет аясында өтті. Олар БҰҰ сессиясының барлық ережелерін сақтады.
Әрбір органның жұмысы нәтижесінде қорытынды құжат – талқыланатын мәселені шешу бойынша ұсынымдарды қамтитын резолюция қабылданды. БҰҰ Моделі жоғары деңгейде өтті, оқушылар пікірталасқа және қарар қабылдауға белсенді қатысты. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Жоба үйлестірушісі – Айсұлу Садықова (Тараз қ. НЗМ ЖПЖБ және ағылшын тілі мұғалімі) БҰҰ Моделі өте маңызды бастама деп санайды. Бұл оқушыларға әртүрлі жаһандық мәселелерді өз бетінше шешуге және дипломатиялық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жобалардың бірі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі – бұл ғылыми конференция мен рөлдік ойын синтезі, оның барысында жоғары сынып оқушылары осы Ұйым органдарының жұмысын жаңғыртады, тілдік көшбасшылық, шешендік дағдыларды, сондай-ақ ортақ ымыраға келу қабілеттерін дамытады.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.