Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 14-15 қараша күндері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында облыстық форум өтті. Мақсаты – білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби шеберлігін шыңдау.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби шеберлігін жетілдіруді мақсат еткен форумға жалпы саны 250-ге жуық мектеп директорлары қатысты. Алғашқы күннің бағдарламасы Зияткерлік мектептің кітаптар көрмесінен бастау алып, облыстың жетекші мектептері арасындағы байқаумен жалғасын тапты. Онда Зияткерлік мектептер тәжірибесін таратуға бекітілген облыстың жетекші мектептері визитті карталарын көрсетіп, қоғамдастығының жұмыс моделін таныстырды.
Байқау нәтижесінде 1-орын Байзақ аудандық Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясына, 2-орын Қордайлық №1 Д.Қонаев, Сарысу ауданындағы С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияларына берілді. Үшінші орынды Тараз қалалық №41, №45 мектеп-гимназиялары мен Т.Рысқұлов атындағы аудандық мектеп-лицейі өзара бөлісті.
Екінші күн бағдарламасы пленарлық отырыспен ашылды. Отырыста Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова «НЗМ тәжірибесін орта мектептерге тарату барысы» жайлы баяндаса, «ЖОО мен мектеп ынтымақтастығы – сапалы білім көрсеткішінің кепілі» тақырыбында ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы сөз алды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік бөлім басшысы Ирина Энтина «Жетекші мектептер – өңір мектептерінің педагогтарына әдістемелік қолдау көрсетуге арналған тиімді алаң» атты баяндамасымен отырыс тақырыбын аша түсті. Өңірдегі жетекші мектеп директоры Мұхит Наметкулов көпшілікті серіктес мектептермен жүргізілетін жұмыс жүйесімен таныстырды.
Диалогтық алаңда Тараздық Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Агура Нарегеева және тренері Дина Бердібекова жетекші мектептер тәжірибесіндегі инновациялық идеяларға шолу жасап, фасилитациялық сессияға кезек берді. Сессияда Нұр-Сұлтан қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері мектептің даму жоспарын жасау бойынша қатысушылармен ой қозғау өткізді. Күн соңында форум жұмысы қорытындыланып, кері байланыс алынды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.