Құрметті 12-сынып оқушылары және олардың ата-аналары!

Құрметті 12-сынып оқушылары және олардың ата-аналары!

2018 жылғы 16-20 сәуір аралығында Францияның Ницца қаласы аймағында орналасқан Халықаралық Вальбонн Орталығы – София Антиполистің (CIV) екі жылдық даярлық сыныбында оқу үшін байқау жүргізіледі.

CIV қазақстандық оқушылар үшін математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша дайындық сыныптарында оқуға 6 орын ұсынып отыр.

Екі жылдық даярлық сыныбында оқу Францияның ең үздік жоғарғы ғылыми оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді (мысалы, Жоғары Политехникалық Мектеп, Париж қаласының Жоғары Орталық Мектебі, Telecom Paris, Жоғары Қалыпты Мектебі және т. б.). Франция Жоғары Мектептері үш жыл ішінде барлық ғылыми мамандықтар бойынша инженерлер мен зерттеушілерді дайындайды. Барлық жоғары оқу орындарының серіктестері бар және олар ең беделді әлемдік университеттермен ынтымақтаса отырып, қос диплом алуға мүмкіндік береді.

Жоба Қазақстандағы Франция Елшілігі, Қазақстанның Париждегі  Елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен жүзеге асырылады.

Толық ақпарат алу үшін мектептің кәсіби бағдарлау кеңесшісі көмегіне жүгініңіз немесе берілген сілтеме бойынша өтіңіз.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку