Құрметті ата-аналар!
2023-2024 оқу жылына оқушыларды жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау 02.06.2023 мен 23.06.2023 аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

Құрметті ата-аналар!

2023-2024 оқу жылына оқушыларды жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау 02.06.2023 мен 23.06.2023 аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

Құжаттар оффлайн режимінде мектеп ғимаратында қабылданады.

Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін,

Түскі үзіліс: 12:00 – 13:00

сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес білім алушының заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиешісі, т.б.) оларды алмастыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы күту, оқыту, тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау) Зияткерлік мектебі директорының атына жатақханадан орын алу туралы жазбаша өтініш береді.

 

Оқушының заңды өкілі өтініш берген кезде өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі;
  • оқушының заңды өкілдерінің жеке куәліктері. Егер оқушы толық емес отбасынан болған жағдайда: қайтыс болғаны туралы куәлік, некенің бұзылуы туралы құжаттар, жалғызбасты ананың мәртебесін растайтын құжат.
  • kz электрондық үкімет порталынан 14 жасқа толған оқушының және оның заңды өкілдерінің міндетті түрде тіркеу күні көрсетілген тіркелген мекенжайы бойынша деректер (скриншот).

Он төрт жасқа толмаған жас балалардың немесе қамқорлықтағы балалардың тұрғылықты жері – олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып танылады.

Өтініш берген кезде мекенжайдағы тіркелген мерзімі кем дегенде соңғы 1 (бір) жыл болуы тиіс. Бұл талап, төмендегідей жағдайларды есепке алмағанда, басқа қалалар мен ауылдарда тұратын оқушыға және оның заңды өкілдері үшін қолданылады:

  • жұмысының ауысуына қатысты оны растайтын құжаттар, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрық көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама (түпнұсқасын), еңбек шартының көшірмесін (заңнамаға сәйкес бұйрық шығару талап етілмеген жағдайларда), белгіленген заңнамада берілген БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы соңғы 6 айдың ақпараты, Зияткерлік мектеп жатақханасының орналасқан жерінде оқушы мен оның заңды өкілдерінде жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.
  • басқа да отбасылық жағдайларға байланысты басқа жерге көшкен жағдайда, растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсыну:

egov.kz электрондық үкімет порталынан алынған деректер (скриншот) немесе оқушы мен оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жері көрсетілген кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы, жалға алу немесе сатып алу-сату шарты немесе өзге де құжаттар, көшіп барған жерінен тұрғын үй алғандығын растайтын құжаттар; сондай-ақ бұрынғы тұрғылықты жерінен көшіп кеткенін растайтын құжаттар: сатып алу-сату шарты, Зияткерлік мектеп жатақханасының орналасқан жерінен оқушы мен оның заңды өкілдерінде жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.

Заңды өкілдердің тіркелген мекенжайы он төрт жасқа толған оқушының тіркелген мекенжайына сәйкес келмеген жағдайда, заңды өкілдер Зияткерлік мектеп жатақханасының орналасқан жерінде оқушы мен оның заңды өкілдерінде жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманы беруге міндетті.

  • балалар үйінің тәрбиеленушілері және жетім балалардың мәртебесін растайтын құжат (сот қаулысы, қалалық білім бөлімінің қамқорлық туралы бұйрығы, қажет болған жағдайда қорғаншылық туралы анықтама);
  • егер оқушы-мүгедек, немесе оқушының заңды өкілдері I, II топтағы мүгедек болса (заңнамада белгіленген үлгіге сай мүгедектігі туралы және мүгедектігіне қатысты әлеуметтік жәрдемақы алуы туралы анықтама);
  • аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама.

 

Қажет болған жағдайда Комиссия:

  • тіркелген мекенжайда оқушы мен оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды тексеруге және/немесе сұрауға;
  • заңды өкілдер ұсынған мәліметтердің дұрыстығын, қажет болған жағдайда тіркеу мекен-жайына барып мерзімді түрде тексеріп отыруға құқылы.

Пластикалық файлдық папка (перфорироандық файлдық папка 10-20 беттік, бірінші бет түссіз) әр сыныпқа түстері әр түрлі;

7 сынып-қызыл,

8 сынып-жасыл,

9 сынып-сары,

10-11сынып-көк,

12 сынып-қара папка.

 

«Өркен» білім беру грантының иегерлері қатарынан оқу кезеңінде жатақханадан тұрғылықты жерді өтеусіз негізде алуға басым құқық оқушыларға келесі реттілікпен беріледі:

  • балалар үйінің тәрбиеленушілері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар;
  • мүгедек оқушылар;
  • Заңды өкілдерінің біреуі немесе екеуі де I, II топтағы мүгедектер санатына жататын оқушылар;
  • осы Ереженің 16-тармағына сәйкес заңды өкілдерінің баланың толыққанды физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға дайындығын бағалау негізінде қолайсыздықты, күйзелісті, немқұрайлылықты сезінетін, заңды өкілдері, өгей әкесі, өгей шешесі тарапынан зорлық-зомбылыққа немесе қатыгездікке ұшыраған, қолайсыз отбасылардан шыққан балалар;
  • заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған және АӘК алушылары болып табылатын оқушылар;
  • Зияткерлік мектеп орналасқан облыстың әкімшілік бағыныстағы аумағындағы ауылдардан, кенттерден және аудандық маңызы бар қалалардан (Зияткерлік мектеп орналасқан қаланы қоспағанда) келген оқушылар, олардың арасында 7 сынып оқушылары басым құқыққа ие болады;
  • Зияткерлік мектеп орналасқан облыстың әкімшілік бағынысындағы аумағына кірмейтін, (Зияткерлік мектеп орналасқан қаланы қоспағанда) қалалар, ауылдар, кенттерден келген оқушылар, олардың арасында 7 сынып оқушыларының басым құқыққа ие болады;
  • Республикалық және облыстық маңызы бар басқа қалалардан келген оқушылар (Зияткерлік мектеп орналасқан қаланы қоспағанда, олардың арасында 7 сынып оқушылары басым құқыққа ие ).

Комиссия келесі жағдайларда жатақханадан орын беруден бас тарта алады:

  1. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметін ұйымдастыру ережесінің 20-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық болмаса;
  2. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметін ұйымдастыру ережесінің 22-тармағында көрсетілген санаттарға сәйкес келмеуі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Егер бір санаттағы бірнеше оқушы бір күнде өтініш білдірсе, онда өтініштерді тіркеу уақыты ескеріледі.

Құжаттарды қабылдау журналына тіркеу құжаттардың толық пакетін тапсырғаннан кейін ғана жүзеге асырылады!!!

Жатақханадан орын бөлу жөніндегі комиссия отырысы 2023 жылдың 29 маусымында өтеді. Нәтиже үш жұмыс күні ішінде мектеп сайтында жарияланады.

 

Біздің мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі, 266.

 

Байланыс телефондары: 8 777 930 59 88, 8 702 966 29 73   

                                             Анаркулова Рашида Абдешқызы

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку