Құрметті ата-аналар! 2017-2018 оқу жылында мектеп жанындағы жатақханада босаған орынға (2 қыз, 1 ұл бала) орын берілуі үшін ата-аналар арызы мен тиісті құжаттар 27 наурыз – 2 сәуір аралығында қабылданатынын ескертеміз.

Құрметті ата-аналар!

2017-2018 оқу жылында мектеп жанындағы жатақханада босаған орынға (2 қыз, 1 ұл бала)  орын берілуі үшін ата-аналар арызы   мен тиісті құжаттар  27 наурыз – 2 сәуір аралығында қабылданатынын ескертеміз.

Құжаттар дүйсенбі-жұма күндері  аралығында сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00), сенбі күндері сағат 09:00-ден бастап 15:00-ге дейін қабылданады.

Арыз беруші ата-ана келесі құжаттарды бірге тапсырады:

  1. Оқушының және заңды тұлғаларының (ата-анасы, асырап алушы, ҚР заңдарына сай оқушының құқығын қорғаушы, оқушыға қамқорлық көрсетуші, оның білім алуы мен тәрбиесіне жауапты тұлғалар) «Халыққа қызмет көрсету оралығынан» алынған мекен-жайы туралы анықтамалары. Бұл жерде мекен-жай бойынша тіркелген уақыты 1 жылдан кем емес болуы шарт; (егер, оқушының ата-анасының жұмыс бабымен немесе отбасылық жағдайына байланысты мекен-жайы ауысқан болса, ата-анасының басқа жұмыс орнына ауысқандығы туралы бұйрық және келісім-шарт көшірмесін бірге тапсыруы қажет; егер мекен-жайы ауысқан болса, селолық округ әкімшілігінен  мекен-жайы ауысқандығы жөнінде анықтама тапсыруы қажет)
  2. Заңды тұлғалардың еңбекақысы туралы анықтамалары, ЗТМО (ГЦВП) зейнетақылық аударымы туралы соңғы 6 айдың көшірмесі. Заңды тұлғалары жұмыссыз болған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
  3. Балаларының тууы туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  4. Заңды тұлғалары І,ІІ,ІІІ топ мүгедегі болған жағдайда мүгедектігі туралы анықтама;
  5. Аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы анықтама.

5-1. Арыз беруші мен отбасының тұрмысы қолайсыз отбасы ретінде тіркелегндігін растайтын ішкі істер бөлімінің немесе жергілікті атқарушы органдардың берген анықтамасы (болған жағдайда);

  1. Оқушының 5 пунктте көрсетілген жағдайларға жатататындығын растайтын басқа да құжаттар.

Жатақханадан орын алуға құқығы басым деп есептелетін оқушылар:

  • балалар үйінде тәрбиеленген оқушылар;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар;
  • заңды тұлғалары І , ІІ және ІІІ топ мүгедектері болса;
  • аз қамтылған отбасының балалары, оның ішінде
  • өздерімен бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасының балалары;
  • толық емес отбасының балалары, яғни баланы ата-анасының біреуі ғана тәрбиелейтін болса, оның ішінде ажырасқан немесе  жесір қалған жағдайда болса.

P.S. Орын алу құқығы басым деп табылған бірнеше оқушының жағдайы бірдей болса, орын беру барысында арыз берген күні мен уақыты ескеріледі.

Жатақханадан орын алуға құқығы басым оқушылардың қатарына енбеген оқушыларға орын арыз тапсырған күні мен уақытына сәйкес кезегімен беріледі.

Жатақханаға қабылдау тәртібі

Мектеп директорының бұйрығымен оқушыларға жатақханадан орын беру үшін комиссия жасақталады.

Комиссия жоғарыда көрсетілген құжаттарға, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметі туралы ережесіне сүйене отырып оқушыларға орын береді.

Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері қажетті деректерді, отбасының тұрмыстық ахуалын анықтауға шыға алады.

Оқушыларға мектеп жатақханасынан орын бөлу комиссиясының шешімі сіздердің көрсеткен телефон нөмірлеріңізге хабарланады.

Тараз  қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Домалақ ана  № 266

 

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку