Құрметті ата-аналар!
2019-2020 оқу жылында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасы шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері жанындағы жатақханалардың қызметі туралы Ереже (19.08.2016 ж., хаттама №40) негізінде (ары қарай – Ереже) «Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жанындағы жатақханадан орын берілуі үшін ата-аналардың өтініштері мен тиісті құжаттар 2019 жылдың 27 мамыры мен 18 маусымы аралығында қабылданатынын ескертеміз.
Құжаттар дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00), сенбі күні сағат 09:00-ден бастап 13:00-ге дейін қабылданады (жексенбі – демалыс).
Өтініш беруші ата-ана келесі құжаттарды бірге тапсырады:
- Оқушының және заңды тұлғаларының (ата-анасы, асырап алушы, ҚР заңдарына сай оқушының құқығын қорғаушы, оқушыға қамқорлық көрсетуші, оның білім алуы мен тәрбиесіне жауапты тұлғалар) «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» алынған мекен-жайы туралы анықтамалары. Бұл жерде мекен-жай бойынша тіркелген уақыты 1 жылдан кем емес болуы шарт (бұл талаптар оқушының ата-анасының жұмыс бабымен, отбасылық жағдайына байланысты мекен-жайы ауысқан болса, ата-анасының басқа жұмыс орнына ауысқандығы туралы бұйрық және келісім-шарт көшірмесін, мекен-жайы ауысқан болса, селолық округ әкімшілігінен мекен-жайы ауысқандығы жөнінде анықтама тапсыруы қажеттілігі көрсетілген жағдайларды қоспағанда);
- Заңды тұлғалардың еңбекақысы туралы анықтамалары, зейнетақылық аударымы туралы соңғы 6 айдың көшірмесі. Заңды тұлғалары жұмыссыз болған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
- Балаларының туу туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (көпбалалы отбасылар үшін);
- Заңды тұлғалары І,ІІ,ІІІ топ мүгедегі болған жағдайда мүгедектігін куәландыратын құжат;
- Аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы анықтама;
- Арыз беруші мен отбасының тұрмысы қолайсыз отбасы ретінде тіркелгендігін растайтын ішкі істер бөлімінің немесе жергілікті атқарушы органдардың берген анықтамасы (болған жағдайда);
- Оқушының Ереженің 11/3 бөліміндегі санаттарға жатататындығын растайтын басқа да құжаттар.
- Фото 6х9 (2 дана), көк түсті 20 бетті файл папкасы.
Жатақханадан орын алуға құқығы басым деп есептелетін оқушылар:
- балалар үйінің тәрбиеленушілері;
- Назарбаев Зияткерлік мектептерден тыс аймақтарда және елді мекендерде тұратын оқушылар келесі реттілікпен қабылданады:
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар;
- І , ІІ және ІІІ топ мүгедектері;
- заңды тұлғалары І , ІІ және ІІІ топ мүгедектері болса;
- аз қамтылған отбасының балалары;
- өздерімен бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасының балалары;
- толық емес отбасының балалары, яғни баланы ата-анасының біреуі ғана тәрбиелейтін болса, оның ішінде ажырасқан немесе жесір қалған жағдайда болса.
- Назарбаев Зияткерлік мектептерден тыс аймақтарда және елді мекендерде тұратын басқа да оқушылар.
P.S. Орын алу құқығы басым деп табылған бірнеше оқушының жағдайы бірдей болса, орын беру барысында арыз берген күні мен уақыты ескеріледі.
Жатақханадан орын алуға құқығы басым оқушылардың қатарына енбеген оқушыларға орын өтініш тапсырған күні мен уақытына сәйкес кезегімен беріледі.
Жатақханаға қабылдау тәртібі:
Мектеп директорының бұйрығымен оқушыларға жатақханадан орын беру үшін комиссия жасақталады.
Комиссия жоғарыда көрсетілген құжаттарға, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметі туралы ережесіне сүйене отырып оқушыларға орын береді.
Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері қажетті деректерді, отбасының тұрмыстық ахуалын анықтауға шыға алады.
Комиссия отырысының қорытынды шешімі мектеп сайтында жарияланады.
«Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мекен-жайы: Тараз қаласы, Домалақ ана № 266.