Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2021 жылғы 27-28 мамырда өтеді.
Тестілеуді өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
Тестілеудің 1 және 2 күндері
Қабілеттілікті бағалау тесті және Тілдік тест |
|||
№ |
Іс-шара |
1 ауысым
(қазақ тілінде оқыту) |
2 ауысым
(қазақ және орыс тілінде оқыту) |
1 | Тіркеу | 07.00 – 09.30 | 14.00 – 16.00 |
2 | Бейненұсқаулық | 09.40 – 10.00 | 16.10 – 16.30 |
3 | Тестілеу | 10.00 – 12.00 | 16.30 – 18.30 |
Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді!
Тіркеу орталықтандырылған түрде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 16:01-де жабылады, үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге кіргізілмейді.
Үміткерлерді тіркеу кезіндегі санитарлық шаралар
Мектеп аумағына тек қана бетперде киген үміткерлер жіберіледі (өзімен бірге ауыстыру үшін қосымша маска болуы керек).
Термометрия нәтижелері бойынша дене қызуының жоғарылауы (37,2℃ – ден астам) анықталған үміткерлер тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.
Мектеп аймағында және ғимаратында жүріп-тұру кезінде үміткер, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде:
1. басқа үміткерлерден 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және еден белгілері бойынша қозғалу;
2. мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялық кілемшеде дезинфекциялық құралмен зарарсыздандыру;
3. қолды антисептикпен өңдеу;
4. байланыссыз термометрияны өту;
5. тұлғаны сәйкестендіру рәсімі үшін тіркеу кезінде масканы шешу (пайдаланылған бір реттік маскалар кәдеге жаратылуға жатады), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска кию, қолды антисептикпен қайта өңдеу;
6. пайдаланылған бір реттік медициналық маскаларды қақпағы жабық жәшіктерге тастау керек.
Өзімен бірге келесі заттар болуы керек:
1. медициналық маска;
2. рұқсат қағазы;
3. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);
4. зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.
Тыйым салынған заттар.
Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:
– ұялы телефон | – кітаптар | – сызбалар |
– фото/бейне құрылғылар | – сөздіктер | – циркуль |
– қарындаштар мен өшіргіштер | – сызғыштар | – тамақ және сусындар (судан басқа) |
– маркерлер | – сөмке | – жазу құрылғылары |
– калькуляторлар | – блокноттар | – басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат) |
– құлаққаптар |
Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!
Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.
Құрметті ата-аналар!
Үміткерде COVID-19 симптомдары болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алу қиындығы, ентігу және т. б.), конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауды сұраймыз.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.