MIT студенттері Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
15.01.2020
999
700

Массачусетс технологиялық институтының (АҚШ) студенттері Тараздың Назарбаев Зияткерлік мектебінде іс-тәжірибеден өтуде.

Әлемнің үздік техникалық жоғары оқу орны саналатын MIT студенттері Габриель Каммер мен Руджул Ганди Таразға MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы аясында келді. Олар НЗМ оқушыларына жобалармен айналысуда, зерттеулер жүргізуде және ЖОО мен мамандық таңдауда көмектеседі.

MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы оқушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінен білімін  тереңдетуге, теориялық білімін тәжірибеде қолдануды үйретуге және салыстырмалы ойлау мен мәдениеттанулық сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Габриель Каммер MIT-де математика мен компьютерлік ғылымдар саласы бойынша білім алуда, Руджул Ганди биология мен лингвистика мамандығында оқиды. Олар Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін АҚШ ЖОО-на түсу бойынша кеңестер, биология және математика бойынша элективті курстар,  жоба жұмыстарын жазу бойынша тренингтер, жергілікті педагогтар үшін семинарлардан құралған кешенді бағдарлама әзірлеген.

Шетелдік практиканттар мектеппен танысып, өз әсерлерімен бөлісіп үлгерді:

– Бұл мектептің оқушылары ақылды және оқуға ынталы екен. Мұнда табысты оқуға арналған барлық жағдай бар деп айта аламыз. Жергілікті халықтың мәдениетіне де тәнті болдық, әсіресе тағамдары өте дәмді, – дейді олар.

Практиканттар Қазақстан мәдениеті және дәстүрімен терең танысуға мүмкіндік алу үшін жергілікті отбасыларда қоныстанған. Олар тараздық НЗМ-де үш апта уақыттарын өткізбек.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку