Владислав Теннің «Даналық бейсенбісі»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
15.01.2021
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен педагогтары «Даналық бейсенбінің» кезекті кейіпкері – Нұр-Сұлтандағы LingvaTen тіл орталығының директоры, полиглот Владислав Тенмен жүздесті.

Бүгінде ол өз орталығында қазақ тілін білмейтін қазақстандықтарға қазақша сөйлеуді үйретіп, өзге үйренушілерге ағылшын, кәріс тілдерін оқытуда.

Гастроэнетролог-дәрігер мамандығын тәмамдаған ол мемлекеттік тілмен қатар орыс, корей, ағылшын, өзбек тілдерінде еркін сөйлейді.  Тілді үйретудің тиімді әдістемесін ойлап тауып LingvaTen орталығының негізін қалады.

Қазақ тілін небары бір жылдың ішінде үйреніп қана қоймай, үйрететін деңгейге қалай жеткенін кездесуге қатысушылар мектеп қонағының өз аузынан ести алды.

Владислав қазір қазақ тілін үйретуге арналған әдістемелік оқулық жазып жатыр екен. Айтуынша, алдағы үш-төрт айда кітабы дайын болады. Сондай-ақ, португал тілін үйрену үстінде екенін де айта кетті.

Жоба қонағы оқушылардың мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай көтеруге болады деген сауалына жауап берді:

– Тілдің мәртебесі жергілікті халық сол тілде толық сөйлегенде ғана көтеріледі. Және тілді жаңадан үйреніп жүрген адамға ешқашан қатесін бетіне баспау қажет, керісінше қолынан келгенше қолдау көрсетіп, көмегін аямағаны абзал. Нағыз патриот, тіл жанашыры осылай жасау керек.

Полиглотпен өткен кездесуді  барлық Зияткерлік мектеп оқушылары мен ұстаздары тамашалай алды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку