Бірлескен жұмыс шеберлікті шыңдайды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
24.02.2021
999
700

Бүгін тараздық NIS мұғалімдері ауылдық мектеп педагогтарына кезекті онлайн семинар өткізді. «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы негізіндегі шара облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинарға Зияткерлік мектепке бекітілген Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің 70-ке жуық педагогы қатысты.

Тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Құлымбетова сабақ барысында визуалды деректермен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретсе, ағылшын тілі мұғалімдері Балнұр Қыдырбаева мен Эльзира Бижигитова саралап оқытудың ұтымды әдістерін тереңірек түсіндірді.

– Гимназияларда ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытыла бастаса, орта білім беретін мектептерде 5-сыныпта ғана енгізіледі. 7-сыныпта алдымызға келгенде екі мектеп балаларының тілдік деңгейінде үлкен алшақтық байқалады, оны азайтуда саралап оқытудың түрлі әдістері бізге үлкен көмегін тигізеді, – деп атап өтті Зияткерлік мектептің ағылшын тілі мұғалімдері.

Оқытудың белсенді емес әдістеріне нелер жатады? География пәнінің мұғалімдері Гүлназ Сопбекова мен Мария Гочияева баяндамаларын осы сұраққа жауап іздеуден бастады. Ауыл мектебінің мұғалімдері өз тәжірибелерінен түрлі мысалдар келтіріп, қойылған сауал мазмұнын барынша ашты.

Биология мұғалімі Серіккүл Утенова оқу бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталып, оның ішінде биологияның өзге пәндермен байланысы қалай жүзеге асатындығын нақты дәлелдер мен мысалдар арқылы түсіндірді.

– NIS тәжирибесінен зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістерін қолданудамын. Оларды өзім білетін әдістермен толықтырдым. Оқушыларда даму бар, сабақта белсенділіктері артты, – дейді Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының биология/химия пәндерінің мұғалімі Есенова К.К.

Түйіндей келгенде, екі тараптың ұстаздары қызметтегі кері байланыс пен әріптестік қарым-қатынас – кәсіби шеберлікті шыңдаудың бір жолы екендеріне көз жеткізе алды.

 

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку