Тараздық НЗМ ұстаздары Шудағы әріптестеріне десант өткізді

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
05.11.2019
999
700

Қарашаның 4-күні Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Шу қаласында әдістемелік десант өткізіп қайтты. Шудан және оған көршілес жатқан бірнеше аудандардан 200-ге тарта мұғалімдер қатысып, шеберлік-сыныптар мен семинарларда тәжірибе шыңдады.

Десант критериалды бағалау жүйесінің тәжірибеге енгізілу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. Шу ауданындағы «Жібек жолы» мектеп-гимназиясында өткен әдістемелік күнге пән мұғалімдерінен бөлек мектеп директорлары, директор орынбасарлары және үйлестірушілер де қатысты.

Практикалық бөлімде шараға қатысушы мұғалімдер Зияткерлік мектеп ұстаздарымен жұптаса сабақ өткізді. Артынша НЗМ мұғалімдері оларға шеберлік сағаттарын өткізіп, тыңдағандарын тәжірибемен ұштастыруға жағдай жасады.

– Жаңартылған білім беру бойынша көкейімде бірнеше сұрақтар жүретін. Мәселен, марк-схеманы дұрыс қолдануды бүгін жетік түсіндім. Қарапайым, бірақ көпжауапты тапсырмалар құрастыруды үйрендім. Осындай көшпелі шаралардың негізі берері мол. Жиі өткізілсе деген тілегім бар, – деді  Шу қалалық С.Сейфуллин атындағы орта мектеп мұғалімі Мереке Кенжебекова.

Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының даму бойынша орынбасары Әлия Жусанбаева мектеп басшыларына мұғалімнің кәсіби даму жұмысын ұйымдастыру бойынша семинар өткізді. НЗМ-дегі тәрбие жұмысы бағыттары мен жобалары туралы педагог-куратор Эльмира Құлымбетова кеңінен баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку