Бүгін, 13 қаңтарда Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің «Action research. Lesson Study. Hertscam» зерттеулері бойынша мектепішілік курстарының тиімділігін аралық талдауға бағытталған «Идеялар жәрмеңкесі» атты онлайн шағын-конференциясы өтті. Инновациялық идеяларын мектепішілік курстардың 46 тыңдаушы мұғалімдерінен құралған 18 зерттеу тобы ұсынды.
– Конференция мақсаты – мұғалімдердің зерттеу дағдыларын жетілдіру және жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша коллаборативті платформа құру болып табылады. Әріптестерден кері байланыс алу арқылы зерттеуді жүргізу тәжірибесі жақсарады және мұғалімнің рефлексиялық дағдысы дамиды, – деген ойымен директордың орынбасары Әлия Жусанбаева бөлісті.
Зерттеу жұмыстарының көпшілігі химия, биология, физика, тарих, өнер және тілдік пәндер сияқты бірнеше пәндерді біріктіру негізінде жасалған. Солардың бірі тарих мұғалімдерінің «Алгоритмдік әдіс арқылы оқушылардың тарихи дереккөздерді талдау дағдыларын қалай дамыту керек» атты зерттеу жұмысы конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ұсынылған жұмыс классикалық Lesson Study әдісі негізінде орындалған.
Сонымен қатар, конференция барысында мұғалімдер зерттеу жүргізудің екі әдісін салыстыруға, сондай-ақ жүргізілген зерттеулерде пайдаланылған құралдардың тиімділігі бойынша тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Конференция соңында ағылшын тілі мұғалімдері «Improving writing skills at grade 7 through using student-friendly rubrics» тақырыбын талқылауға шығарды, онда Action Research негізінде орындалған оқушылардың жазу дағдыларын арттыру мәселесі қарастырылған. Ұсынылған зерттеу құралы тілдік пәндердің басқа мұғалімдерінің қызығушылығын оятты.
Педагогтар ұсынған зерттеулерді сарапшы ретінде Тараздағы Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары бақылады. Олар атқарылған жұмыстардың ауқымдылығын атап өтті, сондай-ақ мұғалімдердің зерттеу қызметін одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын берді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.