Тараз НЗМ оқушылары ірі байқауда қалай жеңіске жеткендерімен бөлісті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
05.12.2019
999
700

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шәкенов пен Аян Жапсар «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауына қатысып, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.

Зияткерлер өз білген-түйгендерін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектептің және Дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының оқушыларына баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, Тараздың НЗМ оқушылары Ерслан Шәкенов пен Аян Жапсар Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне оқу-танымдық тағылымдамаға қатысып қайтты. Бұл мүмкіндікке балалар «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауында жеңімпаз атанған соң қол жеткізді. Аян мен Ерслан аталған байқауда ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, шешімдер мен идеяларын ұсынған.

Ұлыбританиядан келген соң Аян мен Ерслан осындай сайыстарда табысты өнер көрсету құпиясымен бөлісуді, сондай-ақ шетелдегі тәжірибе кезінде алған әсерлерімен бөлісуді жөн көрген. Балалар достарына олардың әрқайсысы байқауға қатысушы бола алатынын және жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екендігін түсіндіруді көздеген.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку