НЗМ ТАРАЗ ОҚУШЫЛАРЫ – «САРДАР» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
22.04.2019
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысы –Санжар Алмасбеков, Бекнұр Есжанов және Мұрат Тойшыбаев «Сардар» VI Республикалық кешенді олимпиадасында жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді.

Екі күн ішінде ел аймағындағы «Жас ұлан» республикалық мектептері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, лицейлер мен  жалпы білім беретін мектептердің 60-тан астам оқушысы теориялық және практикалық білімдерімен сынға түсті.

Олимпиадаға қатысушылар бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру бойынша нормативтер: жеке саптық дайындық, АК-74 автоматын толық бөлшектеу және жинау, 3000 м кросс, 100 м жүгіру және кермеде тартылу бойынша жарысты.

– «Сардар» – бұл жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлап жүрген жастарға тамаша мүмкіндік. Олимпиада оқушыларға тек физикалық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар зияткерлік қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті команда жетекшісі, АӘД мұғалімі Ғани Аденов.

Олимпиада ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку